Блог О пользователеnurbolat

Регистрация

www.nurbolat.blog.ru

  • 12 декабря 2007 | 06:50 Ырымға сенесіз бе? 

    Бұл заманда ырымға сенетіні де бар, сенбейтіні де бар. Бірақ өзім ырымға сенбейтін адамдар кемде-кем деп ойлаймын. Негізі, біз қазақ – ырымшыл халықпыз ғой. Ырым ертеден бері қалыптасып келе жатырғандықтан, онда бір адамға әсер ететін тылсым қасиет бары анық. Мен төменде ырымдар тізімін жаздым, әрине өзімнің шығарғаным емес, халықтың сөздері. Көз жүгіртіп қараңыз, мүмкін көмегі тиер.




                Ерлі-зайыптыларға қатысты ырымдар.

    Ерлі-зайыптылардың төсегіне үйге қонуға келген адамды жатқызуға болмайды. Жетіден асқан балаңызды да төсектен қуыңыз. Әйтпесе, махаббат сезімі сөніп қалуы мүмкін.

    Жыныстық жақындасу кезінде айнаға қарауға болмайды. Бұл ауру мен ажырасуға әкеп соғады.

    Өзіңіз ғашық болған адам туралы тіс жарып, ешкімге айтпаңыз. Махаббат құрығына түскен жанның жүрегі ашық келеді. Тіл-көз тиіп кетуі мүмкін.

    Неке қиған түні төсек ләззатын алуға тырысу керек. Бұл алғашқы немесе кезекті болса да бәрібір. Төсек – неке қиюдың жалғасы іспеттес.

    Ерлі-зайыптылардың төсегіне екі бөлек төсеніш салуға болмайды. Көрпеше ортақ, енді болуы шарт.

    Ұйықтағанда аяғыңызды есік жаққа бермеңіз. Көз жұмған адам осылай жатады деп ырымдайды.

    Егер жаман түс көрсеңіз, жұртқа жаюдан ұялмаңыз. Түсіңіз орындалмайды. Жақсы түсті ешкімге айтпаңыз, орындалады.



                Жүкті әйелдерге қатысты ырымдар.

    Жүкті әйелдің кіндік шеше аталмағаны, суретке түспегені абзал. Іштегі бала өлі тууы немесе туғаннан кейін шетінеуі мүмкін.

    Жүкті әйелге бірдеңені майыстыруға немесе кесуіне болмайды.

    Егер көшеде жүкті әйел кездессе, жолыңыз болады, ал үйіңе аяғы ауыр әйел қонуға келсе, өзімен бірге бақыт пен береке ала кіреді.

    Іштегі баланың ұл немесе қыз екендігін білгісі келген жүкті әйелге алақанын көрсетуін өтіну керек. Ол алақанын жайып көрсетсе ұл туады. Қолының сыртын ғана көрсетсе қыз болады. Немесе, орамалды жайып қойып, жүкті әйелге көтерткенде орамалдың шетінен ұстаса қыз, ортасынан ұстаса ұл туады.


                Дүниеге сәби әкелуге қатысты ырымдар.

    Егер балаңыз дүйсенбі күні туылса, сұлу болады. Сейсенбі күні туылған баланың жүрегі жұмсақ болады. Сәрсенбілік бала өктем болады. Бейсенбіде туған бала мұхит асып кетеді. Жұмада туған баланың мінезі жайлы келеді. Сенбілік бала өмір бойы еңбек етеді. Жексенбілік баланың көңіл-күйі көтеріңкі болып, жүрген жерін думандатып, қыздырып жүреді, әрі сымбатты болады.

    Таңсәріде туған бала ақылды келеді. Түстен кейін туған еріншек болады.

    Егер туған кезде баланың басында шаш болса, бақытты болады.

    Түннің дәл ортасында туылған бала өлген адамдардың рухымен тілдесіп тұратын қасиетке ие болады.



                Тазалық пен денсаулыққа қатысты ырымдар.

    Түнгі сағат он екіден кейін жуынуға болмайды.

    Жексенбі күні суға түсуге, тырнақ алуға болмайды.

    Айдың алғашқы жартысында шашыңызды қисаңыз, тез өсетін болады. Керісінше, баяу өссін десеңіз, айдың екінші жартысында қысқартыңыз.

    Адамның қолы мен аяғында қылшық көп өссе, бақытты болады. Егер қыз баланың қолына майда қылшық өссе, бай адамға тұрмысқа шығады.

    Қиған шашты отқа тастағанда, шаш жарқ етіп жанса, адамның өмір жасы ұзақ болады. Егер шаш отқа жанбай бықсыса, жаман ырым.



                Тұрмысқа қатысты ырымдар.

    Жексенбіде үйге жұмыртқа алып кіруге болмайды.

    Үйді жинағанда босағаға қарай сыпырма, бақыт пен берекені қашырасың.

    Қоқысты жұмысқа немесе басқа жаққа кетіп бара жатырып шығаруға болмайды. Шығарған соң міндетті түрде үйге кіру керек.

    Кілтпен үстелдің үстін ұрғылауға болмайды, жұбайыңызбен ұрысасыз.

    Ағайынды екеудің арасында жанжал болмас үшін, әрқайсысының киімінің астарына тас тігіп қою керек.

    Егер түйреуіш тауып алсаң, біреу сені еске алып жатыр.

    Шелек тұрған жерге тұрмаңыз, денеңізді жара қаптап кетуі мүмкін.



                Ақшаға қатысты ырымдар.

    Ақшаны ешқашан ас үйде немесе босағада тұрып санамаңыз.

    Ақшаны тізеге қойып санауға болмайды.

    Егер әмияныңдағы ақша шашылып жатырса, пайда түспейді. Ақшаны жинап рет-ретімен қою керек.

    Үйіңізден байлық кетпесін десеңіз, айдың алғашқы жартысында терезенің алдына тиын қоюды ұмытпаңыз. Ал айдың екінші жартысында алып тастаңыз.

    Егер сыпырғының ұшы жоғары қарап тұрса, үйде ақша көп болады.

    Өзіңе қанша ақша жұмсасаң, сонша ақша қолыңа қайта тиетінін ұмытпа.

  • 28 ноября 2009|19:40|ссылка

    Задумался...