Біздер орта есеппен түні бойы бес-жеті рет түс көреміз. Кейбір адамдарды бұл таңдандыруы мүмкін: Түсті өте сирек көремін деп ойлайтын адамдар болады. Бірақ барлығы күн сайын түс көреді, бұл тек олардың есінде қалу-қалмауымен байланысты. Жасөспірімдер ұйықтаған уақытының 50 пайызын түс көрумен өткізеді, ал жетіспеген балалар 70 пайызын. Егер бір күнді уайыммен, көп оқумен, жаңа қызықтармен өткізсек түні бойы жиірек түс көретін боламыз. Түстер адамға өмірінде болар өзгерістерге алдын ала дайын болуына да көмегін тигізеді.
ТҮСТІ ТАЛҚЫЛАУ
Түс - бұл біздің ішкі дүниемізден келетін хабар, сондықтан олар біз түсіне бермейтін тұңғиық ойларымыздан ақпарат әкеледі. Түстер оның иесімен тығыз байланыста, оған қандай қиыншылықтар бар екенін, неден аулақ болу керектігін, не жетіспейтінін, нені аңғармайтынын, не істеу керектігін көрсетеді. Түске қатысушы тұлғалар, мақұлық немесе жауыз т.б., олар шынайы өміріңіздегі белгілі бір орын немесе жаңалықты көрсетеді. Түсіңіздегі барлық тұлғалар бұл - сіз(тумаңды, бала-шағаңды, т.б. жақын адамдарды қоспағанда).
Мысалға, сіздің үйіңізге балаларыңды ұрлап кетіп, қорлағалы жүрген ұры кіріп кеткені туралы түсті қарастырайық. Сіз ұрыға қарсы шығасыз, соңы өлімге әкелер айқас басталып, сіз оянып кетесіз. Жоритын болсақ бұл түсте сіз екі ролде ойнап жүрсіз: бірі - ұры, ал екіншісі - өзіңіз. Ал енді ойланып көріңіз сіздің қандай жақтарыңыз бала-шағаңның көңілінен шықпай, оларға ауыртпалық әкеліп жүр. Мүмкін сіз оларға көңіл бөлмей жүрген шығарсыз, бәлкім көп жұмыстың кесірінен оларға не керек, не керек емес екенін аңғармайтын шығарсыз.
Түстерді өте қарапайым жори салудан сақ болыңыз. Бір мысал, Сіз түсіңде автомобильмен өте жоғары жылдамдықта келе жатырсыз делік. Кенет машинаны бағындыра алмай соқтығысып, қирап қаласыз. Бұл сіздің жақын арада өлетіңізді білдіре ме? Олай ойламаймын. Мүмкін сіз машина секілді өміріңізді бағындыра алмай қаларсыз? Сіз көп асығыстық жасап жүрген боларсыз, Сәл бәсеңдеуіңіз қажет болар? Бәлкім түсіңіз сізге егер көп талпынып, көп асығар болсаң бір жағдайға ұрынатыныңызды, ауыратыныңызды немесе сізге қымбат заттан не жаннан айырылатыныңызды айтып тұрған болар. Түсте өлім көбіне бір қалыптан екінші қалыпқа өтуді, немесе өміріңіздегі бір этаптың бітіп, жаңа бірінің басталуын білдіреді.
Түс барысында сезінген көңіл-күй қалпыңыз да көп нәрсені білдіреді. Түсіңізде жеңілдегеніңізді, қорыққаныңызды, сенім орнағанын, күштілігіңізді сезініп көрдіңіз бе? Тағы бір мысал алайық, Сізтүсіңізде адам өлтірудің куәсі болдыңыз. Бірақ сіз қорқудың орнына, керісінше қуанып, шаттандыңыз. Оянғанда сондағы қуанғаныңызға ыңғайсыздануыныз мүмкін. Түстің шешімі - өлім болып жатқан кездегі сіздің сезіміңіз. Сіздің өміріңіздің қандай жағы өзгертілуі керек(өлтірілуі керек)? Егер бұндай өзгерістер болса, сіздің қуаныуыңыз мүмкін бе? Бұл түс өміріңіздегі қандай өзгерістің болуын сілтеп тұр? Ойланып көріңіз.
Түс жору - бұл сіздің ішкі дүниеңізбен сөйлесу. Түсті талқылау қабілетін игере отырып, адам өз ішіндегі құдіретті, шексіз күшпен байланысты екенін сезінеді.
28 ноября 2009|14:41|ссылка