АЛАУЫН АЛДЫМ АРУДАН
Асыра сілтеп асқақтап сені не қылам
Айтпаса да ажарың асса асылдан
Алыса алмай алқымнан алған сезіммен
Айнала бердім адамға сені арман қылған.
Алақаныма алауын алдым арудан
Аруым-сенсің, алауым-сенім, ақ арман
Арудан сендей айналып басым жүремін
Алқапта алып махаббат сынды ат алған.
Айналып келіп ай алса орын аспаннан
Ақ жүзің ашық түсіме анық айналған
Айналаңнан қаламай алыс кеткенді
Алысып жанмен, айығам азар ұйқымнан.
Ал егер сенің тапсам тұрақ жаныңнан
Алып-ұшып, жаным асар аспаннан
Алдымнан шығып асылсаң, айым, мойныма
Айналып басым, адасамын ақылдан.
Алмастырмас ай менен күнге арман жан
Ардақтап өтем алыстатпай қасымнан
Алтын сөздер әлемде аз сені айтар
Аяулым менің ғашық боп өтем мен саған.
СЕНІ ІЗДЕЙДІ
Көздерім, сені дейді, көргім келеді
Еріндерім, сені дейді, сүйгім келеді
Қолдарым аймаласам сені дейді
Сені дейді, жүрегім, сені іздейді.
Арманым, сен жаратқан, көкке өрлейді
Сағыныш жүрек қарып, мұң күшейді
Қызықтар көркем таппай жанарларым
Сені дейді, жаным-ау, сені іздейді.
Жұмыр бас сен жайында ой көздейді
Уақыттың алтындығын ескермейді
Білмесін, сүйетінін, білсін мейлі
Әйтеуір, тынбай жүрек, сені іздейді.
Тәнімменен жаным қоса жалғызсырап
Сағыныш, қысса еңсе көтертпейді
Саған тіккен сезімін ту ғып ұстап
Аршыл жүрек өзгені сүйгізбейді.
Сүйген ерін тағы сені сүйсем дейді
Ғашық көңіл өзге мақсат көздемейді
Сұм сағыныш осалдығын сезіндіріп
Жетімсіреп бүкіл денем сені іздейді
МЕН ЖАЗАМЫН
Тағы бір өлең жаздым махаббатқа
Жүрегім сезім толы қол қаламда
Бас қатуда не жазамын деген оймен
Ұқсайды шабыт келмей отырғанға.
Жұлдызым, бәлкім, айым деп жазам ба?
Бірақ олар жетпес саған ұқсатуға
Гүлді де көре алмаймын сенен сұлу
Жарқыраған күн де қараң сен тұрғанда.
Көктемім, әлде, жазым деп айтсам ба?
Бұл көктем құлпыра алмас сенен аса
Алтыным... ол да саған жете қоймас
Теңеп саған қоя алмаймын аққуды да.
Мүмкін сені... жетер енді теңегенім
Бәрібір сендей болмас ұқсатсам да
Білерім, сенсің менің ғашық жаным
Одан да жазам... бірақ, не жайында?
Мен жазамын сені сүйген көңіл жайлы
Жазып кетем жүректегі сыр жайында
Қалай сені сүйемін, сағынамын
Жазам тағы сен жайында, мен жайында.
Сезімімді толық ашып бере алмайды
"Мен сені сүйем" деуді мың айтсам да
Бұл сөздің мағынасы арзанырақ
Бұдан асқан сөзді бірақ табу қайда?!
Ғашық басым қалған ба есалаң боп?
Сезім мені жетелейді анда-мұнда
Ғашық жүрек кеткен бе бағынбас боп?
Тулайды кеп, соғады кеуде жара.
Қаласаң тулай бергін, жүрек, тула
Менің де сенетінім өзің ғана
Сезімін жауладың-ау өне бойды
Сен де азатсың алаула, мейлі, жаула.
Сүйдім сені емес және бұл жай ғана
Сүйдім сені қалама, мейлі, қала
Сүйдім сені аяқ асты жаққан шамдай
Сүйген жүрек жаспас қанша байласам да.
Қуаныш құлпыртады, қайғы да ада
Сұлу тартқан жүзің тұрса маңайымда
Мүмкін емес деймін, кейде сене алмаймын
Сүйіп мені, тіресең бас иығыма.
ЖАЛҒЫЗЫМ МЕНІҢ
Жалғызым менің, өмірде мына кезіккен.
Бөлшегім менің, бүтін боп маған бітпеген.
Жарығым менің, қасыңда жүріп адастым.
Жүрегімізді соқтыртпадық-ау бір жерден.
Арманым менің, ұстасам қолым тимеген.
Жүзіңмен жарқын түсімде ғана кезігем.
Жыламшы көніл жұбанышы өзің ең.
Алданбас сезім алданады тек сенен.
Ғашығым менің, іздеймін пана өзіңнен.
Жалықпаймын да өзіңді мәңгі күтуден.
Көзім де талды елесіңе қараумен.
Шыдатпай,талай,жанардан жасым бөлінген.
Жаным-ау маған жан керек емес жат сенен.
Тек сен болдың ғой көңілді көкке көтерген.
Қуанышым менің,күлкімнен әркез көрінген.
Қайғым да сенсің еңсемді терең түсірген.
Жүрегімді ұрлаттым саған еркіммен.
Сол жүрекке сезім бітерін кім білген.
Сүйіктім менің өмір келеді тым келте.
Өмірім,шолақ,біткенше сені сүйіп өтем.
Асылым менің тең болмайтұғын ешкіммен.
Соғады жүрек атыңды қатар айтумен.
Ұмытпа мені, өзгені құлай сүйсең де.
Бір бола алмадық, не шара қатты сүйгенмен.
МАХАББАТ МАҒАН СҮЮДІ СЕНІ ҮЙРЕТТІ
Мен сені сүйдім сезім тербеп жүректі
Өзіңді таңдап тағдырым жол көрсетті
Махаббат маған суюді сені үйретті
Ғашық жүрегім өзіңе қарай сүйретті.
Ыстығың сенің қорғанымды күйретті
Алқызыл тілім өзіңді ғана сөз етті
Қос жанарым елес қып сені көрсетіп
Қос құлағым сөздеріңді естітті.
Жақын келсең дүрсілін жүрек үдетті
Ыстықтап қан, тулай, тамыр ісінтті
Қолыңнан ұстап, құшақтап сені сүйгенде
Жай тауып жаным, жұмыр бастан ес кетті.
Сөздерің сенің самалдай сазды күй шерті
Күлкің сенің көңілге әсем гүл септі
Қараған көзің нұр шашып менің жаныма
Қылығың нәзік еріксіз саған сүйсінтті.
Қоштасарда қимастық көңіл шөлдетті
Сен болмасаң қу басымнан күй кетті
Алыстап сенен қол ұстаспас кездерде
Сағыныш қысып, сыйқырын маған білдіртті.
Сезім, шіркін, бесігіне сап тербетті
Жаратқан қалай жасады сендей көрнекті?!
Кей кездері мен сені, жаным сүйем деп
Айғайлағым келеді жарып жер, көкті!
ҒАШЫҚ ҚЫЛ МЕНІ
Сүйсіндір мені өзіңе, жаным, таңдандыр
Қылығыңмен, көркіңменен таң қалдыр
Сезімсіз жатқан жүрегімді жандандыр
Жыр жазғыз саған, өзіңе арнап ән салдыр.
Ғашық қыл мені, табиғатыңа табындыр
Мезгілсіз мені мазалап, сені сағындыр
Ойлатып сені күні-түні маза бермей
Есімді шығар, керек болса, жындандыр.
Шыға алмастай зындан бол, мені тұтқын қыл
Кісендеп мені, мойныма сал дәу шынжыр
Қайғыртып мені жылатып қой, ызаландыр
Қуаныш сыйлап, бақыттан бас айналдыр.
Сүйдір мені, жүрегімді мыж-мыж қыл
Түсіме кіріп, ұйқы бермей таң аттыр
Кескілеп таста жүрегімді аямай
Сөз айтқызбай, тілімді менің байландыр.
Ыстығыңды шығаршы, маған сезіндір
Жүрегіңді ұсынбай мені күйіндір
Есіміңді кеудеме менің қырып жаз
Бас игізіп, өзіңе мәңгі сыйындыр.
Махаббатыңды көрсет маған, қызықтыр
Айналдырып басымды менің топас қыл
Бірақта сенен өтінерім бірінші
Ғашық бол маған, мені де саған ғашық қыл.
17 ноября 2007|00:23|ссылка